Испанияның Барселона қаласындағы Meizu компаниясы Mobile World Congress 2017 көрмесінде mCharge 4.0 атты смартфон қуаттайтын құрылғыны таныстырды. Бұл құрылғы әлемдегі ең қауіпсіз және жылдам қуаттайтын технология, деп жазды businessinsider. Көрмеде компания жаңа технологияның мүмкіндіктерін көрсетті. Аталған құрылғы 10 минутта смартфонды 60 пайызға, 18 минут 45 секундтың ішінде 100 пайызға қуаттаған.
Құрылғыдағы жаңа дата-кабель қауіпсіздікті қамтамасыз етеді екен. Сонымен қатар, оған қуаттау процесіне мониторинг жасайтын смарт технологиясы бар Е Науk чипі орналастырылған.
mCharge 4.0 құрылғысы –40 °С пен +60 °С температура аралығында да жұмыс істей береді.
Оставить комментарий