Қазақстандық танымал боксшы Генадий Головкин Los Angeles Times газетінің журналистіне берген сұхбаты барысында оның Дэниел Джейкобспен алда жоспарланған жекпе-жегінің маңыздылығы мен қаупін сезінетіндігін жеткізді деп хабарлайды «Қамшы порталы» Today.kz-ке сілтеме беріп.
«Джейкобстің мен үшін мықты қарсылас болатынын білемін. Бұл өте маңызды жекпе-жек. Ол- шынайы спортшы. Оның әуесқой спортшы ретіндегі мансабында мін жоқ. Соңғы рет болған жекпе- жектерінде мықты қарсыластары болды. 100% бұл спортшының мысының басым екенін түсінсем де, өз-өзімді қалыпты сезінудемін. Бұл менің мансабымдағы ең үлкен қадам болғалы тұр. Біз тарих үшін күресеміз» -дейді спортшы.
«Ол менің мансабымдағы ең қауіпті қарсылас. Бұл менің болашағым үшін де, бокс үшін де қауіпті» деп мойындады Головкин.
Головкиннің Джейкобспен жекпе- жегі 18 наурызда Нью Йорк қаласында өтеді.
Жекпе-жекті отандық телеарналардан «Қазақстан» мен «Kazsport» тікелей эфирде көрсететін болады.