«Оскар» кино жүллдесінің марапат кеші әлемнің бар аймағында тікелей эфирде көрсетілетіні белгілі. Алайда, діни мемлекеттер үшін бұндай бағдарламалар ерсі көрінуі мүмкін. Сондай мемлекеттердің бірегейі Иран телеарналары «Оскар» сыйлығының 89-шы марапат кешін көрсету барысында өзіндік әдіске жүгінді. Атап айтқанда, Iranian Labor News Agency телеарнасы өз көрермендеріне кеш барысында «Шет тілдегі үздік фильм» жеңімпазын жариялаған Шарлиз Теронның ашық-шашық киімін көрсетпеуді жөн санаған. Голливудтық жұлдыздың әуретті жерін көрсетпеу үшін телеарна ұжымы оны қара бояумен әрлеп қойған екен.
Шарлиз Терон сол күні ұзын етекті, алтын түстес көйлекпен келген болатын. Алайда, ирандық көрермендер оны тек қара түсті кеудешемен ғана көре алды.
Дереккөз: muslim.kz
Оставить комментарий