Португалия парламенті Украинада болған аштықты геноцид деп тапты

/uploads/thumbnail/20170709221624350_small.png

Украина президенті Петр Порошенко Португалия парламенті украиндықтар 1932-1933 жылдары бастан өткерген аштықты геноцид деп тапты. Бұл туралы Украина президенті  өзінің Facebook парақшасына жазды.

Noticias ao minuto басылымы хабарлағандай, Португалияның социал-демократиялық партиясы тоталитаризм мен адамзатқа қарсы барлық әрекетке қарсы екенін айтқан. Оның ішінде Украинада 1930 жылы болған аштықты да баса атап өткен. Аталмыш партияның өкілі Телмо Коррейаның (Telmo Correia) айтуынша коммунизмнің құрбандары, нацистердің құрбандарынан әлде қайда көп болған.

Пікір талас барысында Социалистік партияның өкілі Педру Филипе Соареш аштықта көз жұмғандарды еске алып, тірі қалғандардың отбасына құрмет білдіру керектігін айтып өтті.

Компартия өкілі Антониу Филипемкең белең алған аштықтың құрбандары Украина мен қатар басқа елдер де бастан өткергенін атап өтті.

Желтоқсан айында Украина парламенті басқа мемлекеттерге 1932-1933 жылдардағы аштықты украина халқының геноциді деп табуын сұраған. Түсіндірме хатта 1932-1933 жылдары аштық миллиондаған адамның өмірін жалмап, Украина және адамзат тарихында қайғылы белгісін қалдырып кетті деп жазылған.

1932-1933 жылдардағы аштық Украина мен қатар Қазақстан, Қырғызстан,  Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Урал т.б елдерді жайлаған. Тарихшылар мен зерттеушілер сол уақытта қайтыс болғандардың санын әртүрлі айтады. Жалпы саны 7-ден 8 миллион адамға дейін көз жұмды деген апарат бар. Ресми дерек бойынша Қазақстанда – 2 миллион, Украинада – 3,5 миллион, Қырғызстанда – 2 миллион деп көрсетілген. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи