Кокшетауда пәтерақы алып кетуге келуге келген әйел өзінің пәтерін жалдап тұрушының қолынан жазым бола жаздады деп хабарлайды «Қамшы ақпарат» caravan.kz-ке сілтеме бере отырып.
Тергеу мәліметтері бойынша, бұл оқиға былтырғы жылдың 12 тамызында Көкшетауда тіркелген. Көкшетау тұрғыны өз пәтерін жалдап тұрушыға пәтер ақшасын алу үшін келген. Пәтер тұрғыны мас күйінде ақша орнына балтаны ала жүгіріп, әйелдің басына бірнеше рет ұрған.
Әйелдің тірі екенін байқап қалып, тағы да пышақпен жарақаттаған. Сол уақытта пәтер иесінің көп кешігуі себебінен алаңдаған туысқандары оған қоңырау шалған. Әйел туыстарының бірі сол пәтерге кіріп шығуды жөн көріп, аталған үйге барған уақытта, қылмыскер әйелдің кетіп қалғанын айтқан. Дәл сол уақытта әйелдің туысқаны қансырап жатқан пәтер иесінің әлсіз даусын естіп қалған. Пәтерді жалдап тұрушы қылмыскер қорқып оқиға орнынан қашып кеткен.
Дәрігерлер әйел өмірін құтқарып қала алды. Полиция қызметкерлері қылмыскерді оқиға орын алған күннің ертесінде тапқан. Ақмола мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық іс бойынша 42-жасар ер дамды қылмыстық қастандық жасады деген айыппен бас бостандығынан айырды.
Оставить комментарий