Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлерін өзінің атышулы жекпе-жегіне шақырды. Ол жанкүйерлеріне жекпе-жек алаңынан VIP-орындар мен өз атынан тегін авиабилет пен қонақ үй ұсынды.
«Сіздер мұны көргілеріңіз келеді, оған сенімдімін. Менің 18 наурызда Джейкобспен өтетін кездесуімнің қонағы болыңыздар. Менде VIP орындар мен жекпе-жектен кейін өтетін баспасөз конференциясына орын бар. Одан бөлек өз атымнан авиабилеттер мен қонақ үй ұсынамын», – деп жазды Головкин өзінің желідегі парақшасында.
Анықталғандай, билеттер қайырымдылық акциясының аясында ойнатылып жатыр. Жиналған қаражат UCLA балалар ауруханасының шотына аударылмақ.
Дереккөз: Stan.kz
Оставить комментарий