Трамп балаларға: Саясаттан аулақ болыңдар!

/uploads/thumbnail/20170709221712515_small.jpg

 

АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида штатындағы Святоандреевск  католик мектебінде  балалармен кездесті. 4-сынып оқушыларымен кездескен президент оқушылармен сөйлесіп, тіпті оларға өзінің кеңестерін айтқан көрінеді. Бұл туралы vesti.ru-ға сілтеме жасап qamshy.kz хабарлайды.

Оқушы қыздардың бірі өзінің жеке бизнесін ашқысы келетінін айтқанда, президент: «Бұл жақсы идея» деп пікірін білдірген. Содан кейін әлгі қызға: «Бірақ одан кейін саясатпен айналысушы болма» деген.

Оқушы балалар Трамқа өздерінің қолынан жасалған Флорида шататының мерейтойына орай жазылған хаттарын табыстаған. Президент табысталған сыйлықтарына алғыс айтып, танымал болғысы келсе өзімен бірге суретке түсуге шақырған.

Траммен бірге оның қызы Иванка және оның күйеуі, білім министрі Бетси Девос және т.б оқушылармен кездесті.

Президенттіке дейін  жеке кәсіпкер, бизнесмен, АҚШ-тағы ауқатты магнаттардың бірі болған президенттің балаларды саясаттан аластатуға тырысып, осындай мағынадағы кеңестер беруі оның саясаттан  шаршағандығы себебінен де шығар.

Оставить комментарий

Связанные Статьи