Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29) HBO телеарнасының «Golovkin - Jacobs 24/7» бағдарламасы эфирінде Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) өтетін жекпе-жекке дайындығы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Хабар арнасы.
«Маған бұл атмосфера ұнайды. Залдағы әрбір адам маған көмек көрсетуде, ақыл-кеңестерін беруде. Мен Головкиннен қорықпаймын. Дәл осы айқас үшін өмір бойы жаттықтым», – деді Джейкобс. Еске салайық, Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Оставить комментарий