Жапония жайында қызықты деректер

/uploads/thumbnail/20170709221945274_small.jpg

 

  1.Әулие Валентин күні Жапонияда сезімдерін көрсетіп, сыйлық сыйлайтын қыздар қауымы. Яғни, батылы жетпей жүрген жігіттерге қыздардың бірінші болып қадам жасауы.

  2.Аққала тек 2 шардан жасалады екен.

  3. Жапонияда балық пен еттің бағасынан гөрі, жеміс-жидектің бағасы әлдеқайда қымбат. Бір тал алма 2 доллар тұрса, банан 5 доллар тұрады. Ең қымбат жеміс ретінде қауын саналады. Токиода қауын бағасы 200 долларға дейін жетеді.

   4.Сандерс полковнигі – жапониядағы Рождествоның ең негізгі рәмізі десек те болады. Жапондық тұрғындар бұл мейрамда отбасы болып KFC-ге барғанды,қуырылған тауық қанатшаларын жегенді жақсы көреді.

    5.Порнографияның сатылымы барлық жерде десе де болады. Көкөністер сатып тұрған әр дүкендерде, кітап дүкендері болсын кез-келген жерде сатыла береді.

    6.Бір қызығы, Жапондықтар дельфинмен қоректенеді. Бұл теңіз жануарынан сорпа қайнатады, кәуап жасайды.

    7.Жапония метроларында тек әйелдерге арналған вагон бар. Әйел адамдарға, қыздарға ешкім тиіспесін деген ниетпен жүреді екен. Сондықтан, Жапония зорлық-зомбылықтан басқа мемлекеттердің жанында төменгі орында.

    8.Жапондықтар ешқашан жұмыстарынан уақытылы кетпейді. Бастықтары боссыңдар демейінше жұмыстарын істеп отыра береді. Ол 2-3 сағатқа созылуы мүмкін. Егер, ерте кетіп қалған жағдайда сатқындықпен теңеледі.

    9.Жапонияда сабақ 1 сәуір күні басталады, үш тоқсанға бөлінеді.

    10.Қандай ауа-райы болмасын, тіпті, қақаған аязда оқушы қыздар қысқа шұлықпен жүруге міндетті. Белдлемшелерін де белгілі бір заңдылықпен киеді екен. Мәселен,жасы үлкен оқушылар қысқа белдемше киеді.

    11.Ар мәселесі Жапонияда бірінші орында, адалдық қатты бағаланады. Ең соңғы премьер-министр Юкио Хатояма өз уәдесінде тұрмағаны үшін жұмыстан босатылған.

    12.Жапония суицид жағынан бірінші орында.

    13.Жапонияның солтүстік аймақтарында қыс кезінде жолдар мен тротуарларда жылынатын құрылғылары болады. Сондықтан, көктайғақ деген болмайды.

    14.Жапонияда «кароши» деген термин бар, «қатты күйзелістен өлім құшу». Орта есеппен жылына осы диагнозбен 10 мың адам қаза табады.

    15.Кез-келген ортада темекі шегуге рұқсат етілген. Тек әр жапондықтың қалтасында күлсалғышы жүреді.

    16.Жапония империя мәртебесін ұстанатын жалғыз мемлекет. Императорлық әулет өз жалғасын әлі де тауып келеді. Бүгінгі Акхихито император біздің эрамызға дейінгі 711 жылы Жапонияны құрған Дзимму императордың тікелей ұрпағы.

    17.Жапонияда тамақтанып отырып, міндетті түрде «өте дәмді» деп айту қалыптасқан. Олай айтпаса, сыпайылыққа жатпайды.

    18.Жапонияда белгілі бір ай аттары жоқ, олар санақ бойынша айтылады. Мәселен, қыркүйекті «кугацу» деп атайды, яғни, «тоғызыншы ай».

    19.Токио – ең қауіпсіз мегаполис.

    20.Жапонияда барлық қоқыс өңделетіндіктен, көшелерінде қоқысқа арналған орындар болмайды.

    21.Жапонияда бірншң ер адамдарға қызмет көрсетіледі. Мейрамханаларда ер адамнан бірінші болып тапсырыс қабылдайды. Бірінші болып ер кісілермен амандасады.

    22.Өлім жазасы сақталған. 2013 жылы 8 қылмыскер өлім жазасына кесілген.

    23.Жапонияның көп бөлігі орманды алқаптан тұрады. Себебі, ағаш кесуге рұқсат берілмейді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи