Төсек жаймасымен 5-қабаттан түспек болған қостанайлық әйел қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170709225031043_small.jpg

Қостанайда бір күнде 2 әйел биіктіктен құлаған. Бұл жайында alau.kz хабарлайды.

10 наурызда Әл-Фараби көшесіндегі үйлердің бірінде болған қайғылы жайт туралы редакцияға куәгерлер хабарлаған. Олар оқиға орнынан фотоларды жолдады. Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел пәтерде қамалып қалған көрінеді.

Төсек жаймасының көмегімен 5 қабаттан төменге түспекші болады, алайда, құлап кеткен. 1965 жылғы әйел жедел-жәрдем станциясында қаза табады.

Дәл сол күні Станционная көшесінде 44 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап түсті.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес әйел мас күйде болған. Көптеген жарақаттар алып, бүгіндке қалалық емхананың жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи