Жүргізуші куәлігін сатып алып берген әкесіне рақмет айтқан алматылық қыз жұрттың ашуына тиді

/uploads/thumbnail/20170709225016152_small.jpg

Ғаламторда кеңінен таралып жатқан бұл сурет көптің ашуына тигені анық деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Айгерім Жамбылқызы есімді Алматы қаласының тұрғыны өзінің инстаграм парақшасына жүргізуші куәлігін фотоға түсіріп, оның астына «Бүгін маған жүргізуші куәлігін сатып алып берді. Рақмет саған, әкешім» деп жазып қойған. 

Яков Федоров есімді фейсбук қолданушысының ойынша бұл барып тұрған сорақылық, шектен шығу. Айгерімнің фотосын өзінің парақшасына салып, дабыл қаққан Яковтың жазбасының астында пікір қалдырған оқырмандар қарасы көп. Көбісі қыздың ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтіріп, қайғы-қасіретке алып келетін жол-көлік оқиғалардың дені куәлік сатып алғандардың кесірінен болатындығын айтып Айгерімді сынап-мінеді. Дегенмен оқырмандар арасында қызды жақтағандар да табылды. «Куәлік онсыз да сатылады ғой. 2989 теңге төлейсің аларда. Бұл фотоны қандай мағынада салғандарын білмейсіңдер ғой. Қызға сонша атылғандарың не?» дейді жақтаушысы.

Ұзынқұлаққа сенсек, Айгерімнің әкесі Алматыдағы №5 аурухананың дәрігері екен. Айгерімнің бұл фотоны қандай мағына, қандай мақсатпен салғанын біз де білмейміз. Алайда әкесінің, ақшаның арқасында жүргізуші куәлігін сатып алып, тәжірибесіз бола тұра темір тұлпарға отырып, жол ережесін бұзып, бірнеше адамның өліміне себепкер болған ондай балаларды қоғам жатқа біледі. Айтқымыз келетіні, Үсеновтардың барын біле тұра бұл мәселеге алаңдамау мүмкін емес.

Жазира Байдалы

Оставить комментарий

Связанные Статьи