Талай көліктің тоғысынуына себеп болған, ұзын жол үнсіз жатыр. Бірін-бірі басып озып, тоқтаусыз жүріп жатқан көліктер. Тынымсыз тіршілік деп жазады qamshy.kz.
Бүгін жексенбі. Қыстың аязы бетіңді қариды. Таңмен таласа тұрып, күнделікті жұмысына бұл жанда асықты. Көлігін оталдырды. Трубадан қышқыл иісті түтін бұрқ етті. Жеті күн бойы демалыссыз жұмыс жасайды. Бұл жұмысты қолға алып, ыстығына көніп, суығына тоңғанына биыл, міне, жеті жыл болды. Бір бойында бірнеше мамандығы болса да осы саланы жанына жақын көрді.
Жексенбіні жалау етіп, менде қалаға шығуды жөн көрдім. Құрбыларым айтқан соң, барлығымыз бірге театрға бардық. Театрдан қайтқан уақытта қараңғы түсіп кеткен болатын. Такси ұстамасқа болмады. Ақырындап жол жиегіне шығып, қолымызды сермеп, такси тоқтатата бастадық. Ағылған көлік арасынан бір машина тоқтады. Ешқарсылықсыз келісіп, машинаға отырып алдық.
«Сырт көз - сыншы»,- дегендей көлікке отырысымен айналама қарап, деталь іздей бастадым. Міне, керемет сенесіз бе? Көліктің айнасында фото ілініп тұр. Ағайдың өзі және үш бала тұр. Ол – балалар ағайдың жанұясы ма екен деп ойладым. Бірақ үнсізбін.
Сондай-ақ, машина іші өте жинақы, таза, орындықтар үйлесімді қапталған екен. Төреғалидің «Өмір» атты өлеңі де баяу ғана қосылып тұр. Көлік жүргізуші егде тартқан орта жастағы ер адам. Рөлді ұстаған қолдары қара жұмыстың да дәмін сезген де секілді. «Қыздарым» деп жақын тартқан жылы сөзі де бұл адамның сабырлығы мен қамқорлығын сездіргендей болды.
Мен ақырын ғана ағайдан фотодағы адамдар жайлы сұрай бастадым. Сөйлесу кезінде ағайдан білгенім: Негізінен ағай ажырасқан. Бүгінде өзі жалғыз тұрады. Ажырасқанына 4 жылға жуық уақыт болған. Балалары анасымен бірге екен. Бұл – сурет жанұясымен бірге болған кезде түскен сурет екен. Суреттің осы жерде тұрғаны жанұям жанымда жүргендей болады дейді.
Шынымды айтсам, біртүрлі ыңғайсыз күйде қалдым. Ағайды да аяп кеттім.
«Жатақханаға келіп, машинадан түсіп жатқанымда ағай маған керемет бір сөз айтты: Бұл – өмір, қызым. Егер өмір тек қана ақтан тұрса, өмір тек жақсылықтан тұрса қызықты болар ма еді. Қиындық әркімнің басында болады. Төзе білу керек. Шыдам мен қанағат керек. Бәріміз өмір сүру үшін жүрміз дейміз. Бірақ өмірдің мәні не екенін білмейміз? Ақша ма? Ақша жеткізбейді. Түсінесің бе, қызым, қанағат керек. Мен де мысалы ақша табу үшін жүрмін. Дегенмен ақша саған имандылық пен шүкіршілік бермейді. Тек өзіңді материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін ғана. Бірақ Алла тағала сүйген құлына көтере алмайтын сынақ бермейтінін ескергенің абзал».
Осы сөзді бетіме қарап тұрып, ағалық қамқорлықпен айқындап айтты. Жолақысын да алмады. Қуанғанымнан секіріп жатақханаға жүгіре жөнелдім.
Оставить комментарий