Қазақстандық боксшы Қуат Найман Альберт Раудың мәжіліс депутаты болып сайлануына қатысты өз пікірін инстаграм әлеуметтік парақшасына жариялады деп хабарлайды qamshy.kz.
"Тағы бір депутат! Депутаттар қандай еңбегі үшін аталмыш лауазымды иеленетінін түсіндіретін адам бар ма!? Оларды бір күнде депутат қылатындай не істеді? Баршамыз депутаттардың халық үшін ешқандай пайда әкелмейтінін жақсы білеміз. Бұл жаттығу залында бір ретте болмай, чемпион атанумен пара-пар! Біздің елде 16 миллион халық тұрады. Оның жартысы Мәскеу, жартысы Шанхай. Әр кез жаңа мәселемен бетпе-бет келіп, оны топ болып шеше алмайды. Яғни, бұл қалалардың мэрлері біздің барлық шенеуніктермен салыстырғанда өз жұмыстарын жақсырақ және нәтижелірек атқаратын болып тұр ғой! Олар қаланың атауын өзгертуді, еш пайдасы жоқ ғимараттарға біреудің есімін беруді ойламай, халыққа пайдасын тигізуді мақсат тұтуы қажет. Мен бесінші жыл қатарынан Тайландта жаттығып жүрмін. Осы уақыт аралығында онда нан, жанармай, азық-түлік бағасы бір теңгеге де қымбаттамады! Ал Тайландта мұнай да, алтын да жоқ.
Біздің елде жыл сайын жағдай нашарлап барады. Қымбатшылық. Мыңдаған туыстарымыз шетелге көшіп жатыр. Әркез креслода отырған біреу миллиондаған қаржыны жымқырып, шетелге қашып жатыр. Онда мұның барлығы не үшін қажет?
Бір топ пайдасы жоқ депутаттардың кімге және не үшін қажеті бар? Неге? Мен қарапайым спортшымын және аталмыш мәселелерді көремін, байқаймын. Оларды сағаттап тізімдеуге болады. Ал бұл адамдар неліктен оларды көре алмай отыр? Кішкене ғана халықтың өмірін қалайша жақсарта алмай отыр?
Мен бала кезімнен бір адам көп нәрсені өзгерте алатынына сенетінмін. Әзірше ондай адамды көрмедім. Кімде-кім депутаттардан пайда бар десе, өзіме қол жұмсауға дайынмын" деп жазды Қуат Найман.
Оставить комментарий