Не себепті баласы бар адамдар баласы жоқтарға қарағанда ұзақ өмір сүреді?

/uploads/thumbnail/20170709225710815_small.jpg

Баласы бар адамдар, баласы жоқ адамдарға  қарағанда ұзақ өмір сүреді екен деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Бұл туралы швед ғалымдары жүргізген зерттеулерден белгілі болып отыр. Ғалымдар бір жарым миллион адам арасында зерттеу жүргізген. 1911-1925  жылдар аралығында туылған, бүгінгі күні жас мөлшері 60-қа тақаған әйелдер мен ер адамдар арасында зерттеу жүргізе келе, олардың ішінде жоқ дегенде бір баласы барлар, мүлдем баласы жоқтарға қарағанда ұзақ өмір сүрген.

Осы жылдары өмір сүрген адамдардың (баласы бар және баласы жоқ) өмір сүру кезеңін, уақытын, мөлшерін бақылаған. 80-ге таяған шақта баласы бар ер адамдардың қанжығасында әлі 7 жыл 8 айы болған, ал баласыздарда тек жеті жыл болғандығы дәлелденген. Ал әйел адамдарда бұл көрсеткіштер 9 жыл мен 6 ай, баласыз әйелдер  8 жыл 11 ай болған. Яғни баласы бар адамдар өмір соңында баласы жоқтарға  қарағанда 1-2 жыл артық өмір сүрген.

Зерттеу нәтижелерінде ұзақ өмір сүрудің сыры балалар екендігі нақты дәлелденбесе де, ең маңызды қорытынды мынадай болған:

Қартайған ата-анаға балаларының тарапынан көрсетілген көмектің арқасында, атап айтқанда қаржылай көмек, сонымен бірге моральдік қолдау т.б көрсету нәтижесінде  олар ұзақ жасаған. Және де баласы жоқ адамдар көбіне-көп зиянды әрекеттерге салынып, денсаулықтарына қарамай кететінін ескерсек, адамдардың өмір сүру ұзақтығы тікелей өздеріне деген қарым-қатынастарына байланысты екенін атап өткен жөн.

Оставить комментарий

Связанные Статьи