Елбасы бүгін Қарағанды облысына қызметтік сапармен барды деп хабарлайды Qamshy.kz.
Елбасы облысқа сапар аясында 2014 жылы 20 маусымда Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған Нұрмұхамбет Әбдібековті қызметінен алды.
Қарағанды облысының әкімі болып, Қазақстан Республикасы премьер-министр Кеңсесінің басшысы Ерлан Жақанұлы Қошанов тағайындалған.
Айта кететін болсақ, Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беруді жарты жыл бұрын халық алдында уәде еткен еді. Алайда, аудан аты әлі ауыстырылмады.
Оставить комментарий