Мамандардың болжамы бойынша Солтүстік Қазақстан облысына үлкен су наурыз айының соңында-сәуір айдың басында келеді.
Облыстық жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Нұрлан Бүркіталиннің ақпаратына сәйкес (СУРЕТТЕ), аймақта 14 жедел әрекеттену жасағы мен 16 азаматтық қорғау қызметі дайындалды деп хабарлайды qamshy.kz.
Су деңгейінің көтерілуі мүмкін 95 елді-мекен анықталды. Олардың барлығы бақылауға алынды. Ұзындығы 280 шақырымнан астам 291 автокөлік және теміржол учаскесі де бақылауға алынған.
Жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен көктемгі су тасқынына қарсы шараларды өткізуге 561 млн. теңге қарастырылған.
Елді-мекендерден 918 мың текше метр қар шығарылды. Үстіміздегі жылы Петропавлда алғаш рет қала шетін қардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Қаланың 20-дан астам көшелерінен қар тазартылды. Ол жұмыспен 9 кәсіпорын айналысады, 108 бірлік техника жұмылдырылды.
41,1 мың тонна инертті материал, 28,4 мың дана ыдыс-қап пен 139,1 литр жанар-жағар май дайындалды.
Облыстың автокөлік жолдарында тасқын су өтетін 2 мыңнан астам су өткізу құбырлары бар. (Бүгінде облыс автожолдарында 70%-тен астам құбырлар тазартылды, жұмыс 20 наурызға дейін толық аяқталатын болады).
Көктемгі су тасқыны кезеңі шиеленісуі мүмкін жағдайда 2713 адамнан құрылған жеке құрам, 827 бірлік техника, соның ішінде су тартатын 309 бірлік техника мен 133 жүзу құралдары жұмылдырылады.
Облыс аумағында орналсқан су қоймаларының толуы бойынша бақылау жүргізілуде (Сергеев су қоймасы 93,9 пайызға толды (жобалық көлемі 693 млн. текше метр), Петропавл су қоймасы 87,8 (24,5 млн. текше метр)).
9-10 наурызда Петропавл қаласында көктемгі су тасқыны кезеңінде шартты төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.
Бұдан басқа Петропавл қаласының Кожевенный ауылында қорғаныс бөгеті қайта құрылды және ұзындығы 76 шақырым болатын жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары қалпына келтірілді. Ағымдағы жылы Булаев қаласындағы көлді (850 м.) тереңдету мен Мамлют қаласы маңындағы каналды (200м.) құру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Оставить комментарий