Бразилия президенті Мишел Темер мен оның жұбайы Марсела Бразилия астанасындағы өздерінің ресми резеденциялары Альварада сарайын тастап кетті. Сарай ішінде өздерін нашар сезініп, тыныстары тарылып, тіпті осыған сарайдағы елестердің кінәлі екенін жеткізген.
76 жасар мемлекет басшысы және оның жұбайы вице-президенттің резиденциясында тұрақтап қалмақ деп хабарлайды qamshy.kz Daily Mail-ға сілтеме жасап.
Темердің айтуы бойынша, сарай бөлмелерінің іші қорқыныш ұялатады. Бұл сарай президент жанұясының ішінде тек жеті жасар ұлына ғана ұнаған екен. Марсела Темер тіпті, сарайды жындар мен дұрыс емес аурадан тазартатын шіркеу қызметкерін де шақырған.
Альварада сарайы танымал бразиялық архитектор Оскар Нимейераның жобасы аясына салынған. Резиденцияда бассейн, футбол алаңы, медициналық орталық және т.б бар.
Президент жанұясы бұрыңғы резиденциясынан көлемі жағынан сәл кішірек Джабуру сарайына көшкен. Бұл сарайда президент бұрындары вице-президент дәрежесінде болған кезде тұрақтаған екен.
Оставить комментарий