Коммуналды қызметті қажет етпейтін үй салынды

/uploads/thumbnail/20170709230158866_small.jpg

Испанияда тұрғын үй мәселесі өршіп тұр. Оны шешу үшін Мадридте өте ұтымды ұсыныс айтылды. Испандықтар ойлап тапқан үйді 15 күнде салуға болады деп хабарлайды qamshy.kz.

Үйдің шатырында иілгіш заманауи панель орнатылған. Ол күн энергиясын қолданады. Сонымен қатар, онда жаңбырдың суын жинайтын резервуар бар.

Ғимарат ағаш, фанер және т.б. экологиялық таза материалдардан салынған. Үлкен терезелер үйдің жарық болуын, күн сәулесінің жақсы түсуін және ауа алмасуын қамтамасыз етеді.

Үйді салуға қымбат материалдар қолданбағандықтан мұндай үйлер арзан тұрады. Олар қала сыртындағы аймақтарға арналған. 75 шаршы метрді құрайтын үй 4 адамнан тұратын отбасын барлық қажеттімін қамтамасыз етеді.

Fab Lab House жобасы еуропалық Solar Europe People’s Choice Award экологиялық таза үйлер дизайнерлік конкурсында бірінші орын алды.  

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи