Өзін «кавказ» дейтін жүргізуші қызылордалықтардың ашуына тиді деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Motor.kz сайтының ватсап нөміріне мынандай мазмұнда хат келіпті: «Кавказдық бет-әлпеттегі біреу мынау «арбасындағы» нөмірдегі Қазақстанның туын өшіріп, машинаның жоғарғы жағына Ресейдің елтаңбасын жапсырып алып Қызылорданың көшелерінде тайраңдап жүр. Сонымен қатар «кавказ» деген жазу да машинаның шеткі терезелеріне жапсырылған. Базбіреулер мылтықпен жүреді дейді. Онысы ойыншық па әлде шынымен де суық қару ма білмедік».
Оставить комментарий