Жүргізуші куәлігінің фотосын жариялап, әкесіне алғыс білдірген 20 жастағы Әйгерім Фазылова халықтың шамына тиген еді. Оны жүргізуші куәлігін сатып алды деп айыптаған.
Жақында сол қыздың жол ережесін білу деңгейіне қатысты емтихан тапсырған сәті желіде тарады. Қыздың көлік айдап, тәжірибе жүзінде емтихан тапсырып жатқан сәті де жарияланды деп хабарлайды qamshy.kz.
Алматы облыстық ІІД өкілдері Әйгерім Фазыловаға қатысты оқиғаға пікір білдірді. Олардың айтуынша аталған оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, Талғар ауданының тұрғыны Әйгерімнің 2013-2015 жылдар аралығында екі жылдық курстан өткені белгілі болған. Тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
,
Оставить комментарий