Уахабтардың құлдығында болған келіншек өзінің аянышты тағдырымен бөлісті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709230147928_small.jpg

Өте ауыр жағдайға тап болған жетім Аиша өз тағдыры жайында баяндап берді. Жалғыз қалып үйреніп қалған қыз оқуға түскен соң өзіне достар тауып, әркімнен көңіліне медеу іздеді. Сол достарының арқасында исламға келіп, Алла жолына түседі. Құран жаттап, 5 уақыт намазын үзбей оқитын болған.

2 жыл бұрын өзіне лайықты жар іздеген ару әлеуметтік желі арқылы дағыстандық Расул есімді азаматпен танысады. Расул Аишаның түзу жолда екеніне риза болып, өзінің ақылдарын айтып, бар білгенін үйретіп жүрді. Қыз жігітке қатты бауыр басып қалады. Сөйтіп екі жас үйленуге бел байлайды. Жігіт қызды Дағыстанға алып кетіп, некелерін қияды. Әрі қарай қыз әңгімесін былай жалғайды:

«Дағыстанда бірнеше ай тұрдық. Бір қызығы, ол мені бірде-бір туыстарымен таныстырмаған. Бірақ ол менің күйеуім ғой, мен бәріне көндім. Ең бастысы жалғыз емеспін.

Кей кездері Расул үйге қонбауды шығарды. 1-2 күнге үйге келіп түнеп кететіні болмаса, уақытының көбін далада өткізетін. Бірде үйге келіп, екеуміз ислам жайында ұзақ әңгімелестік. Сөйтңп, Расул өзінің ақшаға мұқтаж жиһад жолындағы бауырлары жайында айта бастады.  Мен Дағыстанда тұрғандықтан Расул менің өз пәтерімді сатуға көндірді. Мен керек құжаттарға қол қойып ақыры пәтерді саттық.

Мен жақсыға сендім, ол ақшаны өзіміз үшін де жұмсармыз деп ойладым. Бірақ Расул ақшаны түгел өз бауырларына берді. Ақшаның сауапты іске жұмсалып жатқанын айтып тынышталдырды мені. Бірнеше уақыттардан кейін бір жерге тығыла тұруымыз керек екенін айтты. Бір күні ормандағы бір лашыққа келіп, жиһад жолында жүрген достарымен таныстық. Сол жерде бірнеше уақыт күн кештік.

 Бір күні бір күйеуімінің досы келіп, Расулдың енді жоқ екенін айтты. Оны өлді деді. Бірнеше күннен кейін досы маған ерекше ықыласын, қолдауын білдіріп, ақыры екеуміз үйлендік. Оның есімі – Хабиб. Алайда, Хабибпен де жағдай дәл Расулдікіндей болды. Оның өмірден өткенін естідім. Сөйтіп, басқа бауыры Мусаға тұрмысқа шықтым.

Бір уақытта мен Расулдың да, Халибтың да тірі екенін естіп қалдым. Олар қалада көңіл көтеріп, демалып жүрген көрінеді. Сол сәтте аяғымның ауыр екенін білдім. Ал ол кезде мен олардың ешқайсынына керек емес едім. Мені Расул алдады, пәтерімді сатып, мені түксіз қалдырды» деп көз жасын тия алмаған Аиша сіңлілеріне өзінің қателігін қайтламауды өтінді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи