Бірден 7 сәби босанған ананың ғажап әрі қиын тағдыры (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709232840026_small.jpg

Ата-ана үшін уақыт зырылдап өте шығады. Сәбиін босанды, өсірді, жетілдірді, балабақшаға апарды, мектепке апарды. Сөйтіп жүргенде кіп-кішкентай ғана баласы үп-үлкен азамат болып шыға келеді. Алайда, ана мен әке көзіне бала әрдайым сәби болып көрінеді.

Осыдан 18 жыл бұрын Кенни мен Бобби Маккагидің бірден 7 сәбиі дүниеге келді. Әйелдің аяғы ауыр болғанда дәрігерлер балаларды алдырып тастауға көндірмек болған. Себебі, 7 баланы бірдей босануды көтере алмауы да мүмкін еді. Алайда, ата-ана бұны Алланың берген үлкен сыйына балап, алып тастаудан бас тартады. Сөйтіп, 1997 жылдың 19 қарашасында дүниеге шекелері торсықтай 7 сәби келеді. 4 ұл, 3 қыз... Бір күнде... Бір уақытта... Әлем үшін үлкен жаңалық орын алған күн болды. Тұрғындар оларды ең батыл жандарға теңеді. 7 баланы бірдей босану екінің бірінің қолынан келмес еді.

Ол балалар бүгінде үлкен азамат болған. 18 жасқа толды. Оқуға түсетін уақыттары жетті. Алайда, 7 баласын бірдей басқа қалаға, басқа өңірге жіберіп қою ата-ана үшін қиынның қиыны емес пе? Бір баласы кетсе шырылдап қалатын ата-ана 7 баласын оқуға аттандырмақ.

«Қамшы» порталы бір күнде туған 7 бауырдың сұхбатын назарларыңызға ұсынады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи