Джейкбос: Головкинді құрметтеймін. Бірақ, жеңіс маған тиесілі болу керек еді

/uploads/thumbnail/20170709232830120_small.jpg

Жекпе-жектен кейін Головкин мен Джейкбос тілшілерге сұхбат берді. Бірақ екеуінің айтқаны бір-бірімен мүлдем сәйкес келмейді. Sports.kz жаңалықтар қызметінің мәлімдеуінше, Дэниел Джейкбос төрешңлердңғ үшеуі бірдей жеңісті Головкиннің еншісіне бергеніне таңырқап қалды.

Төрешілердің шешімі бойынша есеп мынадай болды: 115:112, 114:113; 115:112. Амеркиалық боксер Мэдисон Сквер Гарден аренасында өткен жекпе-жекте өзінің жеңісіне сенімді болған. Алайда, жеңіс Головкинге тиесілі болды.

«Әрине, бұл бокс. Және Головкин менен гөрі халықтың назарына бұрынырақ ілігіп үлгерген», -  деді Джейкбос.

«Мен Головкинді сыйлаймын. Бірақ, бүгін таза жеңіс маған тиесілі. Төрешілердің шешіміне қарамастан, мен өзімді бүгінгі жекпе-жекте чемпион болдым деп сезінемін».

Мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз 2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулдарына ие. Ал, 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды.

Қарсыласы Дэниел Джейкобс - орта салмақ дәрежесіндегі WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы (2014 жылдан бастап) және NABF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы (2010). Кәсіби рингте 33 жекпе-жек өткізіп, тек бір рет қана жеңілістің ащы дәмін татып көрген. Америкалық боксшыны ресейлік Дмитрий Пирог нокаутқа жіберген болатын.



 

Оставить комментарий

Связанные Статьи