Непалдық баланың жантүршігерлік кейпі халықты шошытты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709233134638_small.jpg

Непал тұрғыны Рамеш Дарджи дүниеге келгенде дәрігерлер одан ешқандай ерекшелікті байқамады. Баланың ата-анасы Нанди мен Нат көптен күткен баласы дүниеге келгенде қуаныштарында шек болмады. Алайда баланың дүниеге келгеніне 15 күн толғанда оның терісі түсе бастады.

Баглунга дәрігерлері балаға  нақты диагноз қоя алмады. Оны тәжірибелі мамандарға көрсету қажет болды. Өкінішке орай, Нанди мен Наттың қаражаты болмады. Сәбидің жағдайы  күннен-күнге нашарлай берді.  Рамеш 5 жасқа толғанда ол барлық денесі ауыратынын айтып, шағымданатын. Ол мектепке бармады. Аулаға шықса болды балалардың барлығы қорқып қашатын.

Рамеш 11-ге толғанда ол жүре де, сөйлей де алмайтын дәрежеге жетті. Ол уақытқа дейін ата-анасы оның өте сирек кездесетін ихтизо ауруына шалдыққанын білді. Анасы жұмыс істемей баласына қарауға тура келді. Ал әкесінің тапқаны тамағы мен пәтер ақысынан арылмайтын. Бір күні бала туралы естіген журналистер Рамеш туралы бағдарлама түсіреді. Оны көрген белгілі әнші оған көмектесуді ұйғарады. Рамешті Непал астанасы Катмандуға алып келді. Онда оны елдегі алдыңғы қатарлы мамандар емдейді.

Дәрігерлер оны ертерек алып келу керек екенін айтады. Десек те, уақыт өте келе бала сөйлеп, жүре алатынын айтады. Рамештің оқуы да қолға алынатын болды.

 

Связанные Статьи