Өткен жылы қайтыс болған әншіні анасының жанына жерлейтін болды

/uploads/thumbnail/20170709233144294_small.jpg

Британдық орындаушы Джордж Майклды жерлеу рәсімі келесі аптада Лонның Хайгейт зиратында өтеді. Оны анасының жанына жерлейді деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қоштасу рәсімінің нақты уақыты қатаң түрде құпия сақталып, тек бірнеше сағат бұрын ғана хабарланбақ. Мұндай шаралар марқұмның туыстарының мұндай маңызды әрі қайғылы сәтте қаптаған фанаттарды көргісі келмейтінімен байланысты болып отыр.

 Еске сала кетсек, 53 жастағы Джордж Майкл 2016 жылдың 25 желтоқсанында өмірден озды. Кейінірек, мамандар оның өз ажалынан қайтыс болғанын анықтады.  

 

Связанные Статьи