Мәскеуде Ресей ішкі істер министрлігінің құрылыс департаментінің басшысы Николай Волковты атып өлтіріп кетті.
Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, 41 жастағы Волковтың өлімі 27 наурызда сағат түнгі 10-дар шамасында орын алған.
Белігісіз біреулер Волковқа алдымен шабуыл жасап, сөмкесін жұлып әкетеді. Солардың біреуі ер адамға бірнеше мәрте оқ атып, Волков сол сәтте тіл тартпай кетеді.
Волков министрліктің реконструкция және құрылыс департаментінің бастығы болған.
Интерфакстың хабарлауынша, полиция шенеунікті оның қызметіне байланысты өлтірмеген, қылмыс кәдімгі тонау мақсатында жасалған болуы мүмкін деп жорамалдап отыр.
Оставить комментарий