«Қазақ хандығы» телехикаясының жалғасы ретінде Қасым хан туралы фильм түсіріледі

/uploads/thumbnail/20170710000545465_small.jpg

«Қазақ хандығы» телехикаясының жалғасы ретінде қазақ хандығының нығаюы ме дамыуына зор үлесін қосқан айбарлы Қасым хан туралы тарихи фильм түсіріледі. Бұл туралы жазушы,  «Қазақ хандығы» телехикаясы сценарий авторларының бірі Смағұл Елубай «Жас Алаш» газетіне берген пікірінде айтқан.

 «Қазақ хандығы жобасына қатысты жаңалығымыз бар. Осы тарихи жобаның жалғасы ретінде президент Н.Назарбаев мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына Қасым хан туралы тарихи фильм түсіруге тапсырма берді. Бізге де тапсырма беріліп, біз, сценаристер, тарихқа қайтадан кірейік деп жатырмыз. Бұл үлкен қуаныш. Қазақ хандарының ішіндегі ең мықты, айтулы хан – Қасым. Қазақтың қазіргі территориясының негізін сол Қасым хан күреспен, шайқаспен жүріп қалыптастырғаны белгілі. Сондықтан бұл жоба қызықты болады деп ойлаймын. Қалың көрерменді осы бір қуанышты хабармен құттықтап қояйын деп едім» дейді.

Оның хандық құрған тұсында қазақ жерінің шекарасы кеңейіп, мемлекеттің дамуы, өсуі қарқын алған.

 Алайда, Қасым хан туралы тарихи кино жобаны қандай режиссер түсіретіні әзірге белгісіз.

Связанные Статьи