Азаптанған әйел мәйіті шабадан ішінен табылды

/uploads/thumbnail/20170710004230524_small.jpg

Ресей азаматшасының мәйітін шабадан ішінде қатты  зақымдалған күйінде Италия портында  табылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. 27 наурызда табылған мәйітті тек 3 сәуірде ғана шығару мүмкін болды.

Мәйітті балықшылар тауып алған. Толқында қозғалған шабаданға көздері түскен олар пластикалық пакетке оралған әйел мәйітіне тап болған. Сот дәрігерлік сараптасмасы әйелдің қатты жүдеп кеткенін анықтаған. «Әйел денесі  дәл арнайы лагерьде ұстағандай қалыпта» дейді сарапшылар.

Тергеу мәліметтері бойынша анорексияға шалдыққан әйел өзінің өлімімен қаза табуы мүмкін деген болжамдар жасалды. Алайда әлдебіреу оның мәйітінен құтылуды мақсат тұтып денесін орап лақтырып жіберген.

Италия тұрғыны болған ресейлік әйел бірнеше рет ауруханаға аталған дертпен түскен екен. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи