Италияндық биатлоншы Даниэль Ташлерді 9 айға шартты түрде бас бостандығынан айырды деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі Stol.it-ке сілтеме жасап.
Италияның соты дәл осындай шешім шығарды. Онымен қоса 29 жастағы биатлоншы 3600 еуро көлемінде айыппұл төледі. Оның әкесі де Готбиб Ташлер тыйым салынған препаратты қолдануға үлес қосқаны үшін жазаға тартылды. Ол халықаралық биотлонистер одағының бұрынғы вице-президенті. Готбиб Ташлер шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырылды және 4000 еуро айыппұл төледі. Ол енді қысқы спорт түрлерінен ешқандай италияндық Ассоциацияда және Ұлттық олимпиада комитетінде қызмет атқара алмайды.
Дәрігер Микеле Феррари түрмеде 1,5 жыл жазасын өтейтін болады.
Оставить комментарий