Сәуір айының басында АҚШ-тың бірнеше қаласында тамақ жеуден жарыс өтті деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі KDVR-ге сілтеме жасап.
Жарыс кезінде екі адам көз жұмды. Бәйге шарты бойынша олар екі минуттың ішінде 6 бәлішті жеп үлгеруі керек еді. Салдарынан 42 жастағы Трэвис Малуф тыныс мүшелеріне бәліш қоқымдары түсіп, сол жерде тіл тартпай қайтыс болды.
Трэвис Малуф қайтыс болғанға дейін 20 жастағы Кейтлин Нельсон құймақты жеймін деп, тағамның бір бөлігі тамағында тұрып қалды. Қызды шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
АҚШ билігі енді мұндай жарыстарды өткізуге тыйым салмақшы.
Оставить комментарий