4 сәуірде Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясының көтерілісшілер бақылайтын Хан-Шейхун қаласында химиялық шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны 72-ге дейін жетті – оның 20-сы балалар, ал 17-сі әйел адамдар, деп хабарлады "Қамшы" ақпараттық агенттігі Британияның Адам құқықтарын қорғау жөніндегі орталығына сілтеме жасай отырып.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, бұл нақты сан емес, із-түссіз жоғалып кеткен адамдар әлі де бар, олар тірі болмай шығуы мүмкін.
Сейсенбі күні күндіз Хан-Шейхун қаласында бомбалау болған еді. Сирия белсенділерінің хабарлауынша, Сирияның солтүстік-батыс бөлігіне бомбалаған сириялық әскерлердің ұшағы немесе ресейлік авиация. Авиа соққысынан кейін Жер бетіндегі адамдар тұншыға бастаған.
Көргендердің айтуынша, адамдар тұншыққаннан құсып, ауыздарынан көбік шығып жатты. Кейбірінен тіпті қозғалыс байқалмаған.
Оппозиция белсенділері ұшақтар зымырандарын ауыр халдегі адамдар емделіп жатқан жергілікті ауруханаға құлатқан дейді.
Сирия әскері өздерін химиялық шабуылға қатысы жоқ екендерін алға тартып отыр. Ал, Ресей әскері Сирия авиfциясының террористердің химиялық қару жарақтары сақталған үлкен қоймасына соққы жасағанын айтады.
БҰҰ-ның әскери қылмыстарды тергеуші мамандары Сирияның Идлиб провинциясындағы бірнеше адам қаза тапқан ықтимал химиялық шабуылды тексеруге кіріскен. БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистураның хабарлауынша, барлық айғақтар шабуылдың «химиялық шабуыл болғанын және оның әуеден жасалғанын» көрсетіп тұр. Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі оқиғаны талқылау үшін шұғыл жиын өткізеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп ресми мәлімдеме жасап, шабуылды «айыптайтын жағдай» деп атады және оны «елемей қоя салуға болмайды» деп мәлімдеді. Ол Сирия президенті Башар Асадтың «жексұрындық қылығының» жауапкершілігін өзі «әлсіздік танытты және батыл болмады» деп айыптаған бұрынғы президент Барак Обаманың әкімшілігіне артқан.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Сирия үкіметінің негізгі одақтастары әрі Сириядағы бітімге кепіл Ресей мен Иранның Идлибтегі шабуыл үшін үлкен моральдық жауапкершілік арқалайтынын мәлімдеді. Ол Мәскеу мен Тегеранды мұндай шабуылдардың қайталанбауына ықпал етуге шақырды.
Оставить комментарий