37 жастағы Сандра Педро жүктіліктің 4-ші айында ауруханаға басының қатты ауырғандығын айтып барады. Бірнеше сағаттан кейін дәрігерлер Сандраның ми бөлігінің өліп қалғанын анықтаған. Сандра Педро гемморрагиялық инсульттың салдарынан қайтыс болды деп жазады "Қамшы" ақпараттық агенттігі.
Оның мәйітін тексеру барысында құрсақтағы баланың әлі тірі екендігі анықталған. Мұны біле сала дәрігерлер Сандраның өкпесін жасанды ауа жүргізетін аппаратқа қосып, азық пен гормондарды күре тамырдан жіберіп отырған. Сандра Педроға қарайтын мейірбике мен мейіргер шарананың өзін тастанды сезінбеуі үшін ананың ішіне массаж жасап, сәбиге ән, ертегі айтып, музыка қоятын.
Дәрігерлер құрсақтағы баланың дұрыс жетіліп жатқанын байқайды. Кішкентай Лоренсо маусым айының басында дүниеге келді. Оны ананың ішін кесіп алды. Бала өлген анасының құрсағында 107 күн өткізген. Лоренсо - әйелінің дүниеден озғанын ауыр қабылдаған әкесіне жаңа үміт пен бақыт сыйлады.
Дәрігерлер бұған дейін мұндай жағдай тәжірибесінде болмағанын айтады. Олар сәбидің алғашқы жылаған дауысын ешқашан ұмытпайтындарын айтады.
Бала дүниеге келгеннен кейін Сандраның аппаратын бірден өшіріп тастайды. Келесі күні оны жер қойнына тапсырды.
Оставить комментарий