Екі аяқсыз дүниеге келген қыз бүгінде әлемдік деңгейдегі модельге айналды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710004748528_small.jpg

Таиландтық Канья Сессер – екі аяқсыз дүниеге келген мүгедек қыз. Ата-анасы қызының мүгедек болып дүниеге келерін білген күні-ақ оны жетімдер үйіне өткізу жайында жоспарлап қойған. Солай істеді де. Алайда, өмірде мейірімді адамдардың бары қуантады. Қыздың жасы 5-ке толғанда, оны ерлі-зайыптылар асырап алады. Сөйтіп, қыз АҚШ-тағы өзінің жаңа отбасымен қауышып, өзіне бөтен адамдардың махаббатына кенеледі. Уақыт жылжи береді. Бірақ, бойындағы кемістікке қарамастан Канья ешқашан да берілмеген. Сөйтіп, 23 жасында спорт және модельдік өнердің шыңын бағындырды.

«Қамшы» ақпараттық агенттігі дүниеге келе сала үлкен сынға ұшыраған қыздың өмірі жайында мәліметті назарларыңызға ұсынады.  

Бүгінде Канья іш киімдерді жарнамалап жүр. Тіпті, кейбір он екі мүшесі сау адамдардың қасында қыруар ақша тауып жатқан көрінеді. Мүгедектерге арналған арбамен жүрудің орнына  қыз скейтбормен жүріп, алда болатын олимпиада ойындарына дайындалу үстінде.

«Менің кемістігім бойымдағы сұлулығымды көрсетуіме кедергі келтірген емес. Керісінше, осылай дүниеге келгеніме қуаныштымын Себебі, екі аяғымның жоқтығы алға жылжып, биіктерді бағындыруыма, белсенді болуыма маған күш береді» дейдіі Канья.

«Өмір қандай жағдайға әкеліп соқтырса да – мойымаңыздар» деп әпке-сіңлілеріне ақылын айтады.

Бәрін де жеңіп шыға алатын күшіңіз бар екеніне сеніңіз. Сәттілік тек күшті адамдарға қонады. Өмірдегі бар соқпақты өткергіңіз келсе, өзіңізден бұрын рухыңыз мықты болсын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи