Биылғы жылдың қаңтар - сәуір айлары аралығында 1826 дәрігерді, қаңтар-маусым аралығында 7839 орта буын қызметкерлерін оқыту жоспарлануда. Мұндай ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Марат Жұманқұлов хабарлады деп жазады "Қамшы" ақпараттық агенттігі.
2017 жылғы 1-ақпаннан халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын іске асыру жөніндегі Үшінші кезеңі басталды.
Басқарма орынбасарының айтуынша, 2017 жылдың басынан, осы күнге дейін жүйе туралы 192 кездесу жүргізілді. Барлығы 16864 адам қамтылып, (оның ішінде: медициналық қызметкерлер – 1496, бюждеттік сала қызметкерлері - 7459, кәсіпкерлер - 678, ауылшаруашылығы қызметкерлері - 353, өзін өзі жұмыспен қамтығандар - 1463, қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақ ұйымдары өкілдері – 678, зейнеткерлер мен жұмыссыздар - 1092 адам. Биылғы жылдың қаңтар - сәуір айлары аралығында 1826 дәрігерді, қаңтар-маусым аралығында 7839 орта буын қызметкерлерін оқыту жоспарлануда. Бүгінгі күнге дейін 1852 орта буын қызметкерлері оқытылды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізудің 3-ші кезеңінде 2017 жылдың басынан, осы күнге дейін жүйе туралы 223 кездесу жүргізілді. Барлығы 19350 адам қамтылып, (оның ішінде: медициналық қызметкерлер – 2141, бюждеттік сала қызметкерлері - 8119, кәсіпкерлер - 724, ауылшаруашылығы қызметкерлері - 421, өзін өзі жұмыспен қамтығандар - 2022, қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақ ұйымдары өкілдері – 245, зейнеткерлер мен жұмыссыздар - 2022 адам), телеарналарда – 7 бағдарлама, баспасөзде – 16 мақала және сайттарда – 45 материал, әлеуметтік желілерде – 10 материал шығарылды, - деп хабарлады Марат Сейтбекұлы.
Оставить комментарий