Әкесі ұйықтауға кедергі келтіргені үшін жөргектегі баласын 4 қабаттың терезесінен лақтырып жіберген

/uploads/thumbnail/20170710005154235_small.jpg

Ресей құрамына кіретін Кабардино-Балкарии Республикасының Прохладный қаласында 34 жастағы әке 8 айлық баласын ұйықтауға кедергі келтіргені үшін 4 қабаттың терезесінен лақтырып жіберді, деп хабарлайды Комсомольская правда. Мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» Ақпараттық Агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Ішімдікке тойып алған еркек ұйықтағысы келіп жатқан кезінде баласының жылаған дауысы маза бермепті, сонан соң баланы алып 4 қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Алеша есімді бүлдіршін ауыр жарақат алған, дегенмен тірі.

Оқиға орын алған кезде анасы үйінде болған. Алайда, ол болған жайтты байқамай қалған.

Сәбиді көшеде өтіп бара жатқан бейтаныс біреулер аман алып қалған. Куәгерлер дереу жедел жәрдем шақырып, баланы реанимациялық бөлімге алып кеткен.

Қазір дәрігерлер сәбидің өмірін құтқарып қалу үшін барын салуда, бала ауыр жарақаттанған.

Белгілі болғандай, баланың анасы көршілерімен төбелес шығарғаны үшін тергеуге алынды. Ал әкесі психиатриялық ауруханада «олигрофения» диагнозымен есепке алыныпты, сонымен қатар, осы уақытқа дейін үш рет сотты болған екен.

Анасы да, әкесі де жұмыссыз. Ендігі кезекте оларды ата-аналық құқығынан айыру мәселесі қарастырылуда.

Аударған: Назерке Лабихан

Оставить комментарий

Связанные Статьи