«Достар! Мемлекеттік қызметтерді тағы қалай жеңілдетіп пайдалану жайында ой келді» деп жазады «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов өзінің фейсбук парақшасында. Ортаға ерекше ұсыныс тастаған ол қалың көпшіліктен қолдау әрі кеңес күтуде.
«Сіздердің ойларыңызды, пікірлеріңізді сұрасам деймін. ХҚО–на бару үшін бос уақыт табудың өте қиын екенін біз барлығымыз білеміз. Анықтамалар мен құжаттарды реттеу жүйелі түрде жүретіні де белгілі. Ал e-gov.kz электронды жүйесін пайдаланатындар үшін бұл жағдай қиындық туғызбайды. Олар көптеген қызметтерді онлайн пайдалана алады. Бірақ бұл мәселе сонда да актуалды, сол себептен біз астанадағы бір ХҚО-ның жұмыс кестесін түн ортасына дейін ұзартуды ұсынып отырмыз. Бұл адамдарға жұмыстан кейін келіп мемлекеттік қызметті пайдалануына жол ашады. Әрине, бұл «Азаматтарға арналған үкіметке» қатысты, ал тіркеу және құжаттандыру қызметтері өз кестесімен жүреді» дейді Абылайхан Оспанов.
Оставить комментарий