Қайғылы оқиға Астана қаласындағы «Гаранат авто сити» сауда орталығында орын алған. Сауда орталығындағы жедел саты 38 жастағы ер адамды басып қалған, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап
Төтенше жағдай болған жерге тергеу тобы тез арада жетті.
«Берілген ақпарат 156 ҚК ҚР «Қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қарастырылатын болады. Қайтыс болған ер адам 1975 жылы өмірге келген» деді ІІД өкілі Софья Колышбекова.
Қаза тапқан азамат Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан «Гарант авто сити» сауда орталығында техникалық жұмысшы болған. Сауда орталығының қызметкерлері қандай да бір мәлімет беруден бас тартып отыр.
Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оставить комментарий