Нью-Йорк әкімдігі: Дональд Трамптың әйелі қаладан кетсін немесе өз шығынын өзі өтесін

/uploads/thumbnail/20170710005327768_small.jpg

Жарты миллионға жуық америкалықтар Дональд Трамптың әйелінің Нью-Йоркте өмір сүруіне кетіп жатқан қаржы көлеміне байланысты жазылған петицияға қол қойды, деп жазады «Қамшы» ақпараттық агенттігі.

Change.org. сайтына «Меланья Трамп Ақ үйде қалсын немесе өз шығынын өзі төлесін» деген тақырыптағы петиция жарияланып, бүгінгі күні оған 515 мың адам қол ойып үлгерген. Себебі, бірінші ледидің Нью-Йорктегі Trump Tower резиденциясында өмір сүруі салық төлеушілер үшін қымбатқа түсіп жатқан көрінеді.

Мәтінде көрсетілгендей, америкалық салық төлеушілер президенттің әйелі үшін кетіп жатқан ақшаның өте қомақты екенін айтты. Мұндай шығын мемлекет үшін оң нәтиже әкелмейді және қаржы мәселесінде қиындықтар туындауы мүмкін.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Трамптың отбасын қамтамасыз ету үшін күнделікті 127 мыңнан 146 мың долларға дейін қаржы жұмсалады екен.

Бұрынырақ Меланья Трамп ұлы Бэрронмен Нью-Йорктен Ақ үйге көшпейтінін, Trump Towerде қалатынын айтқан.

Айта кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында да Нью-Йорк тұрғындары Меланья Трамптың қаладан кетуі жөнінде петицияға қол қойған болатын. Себебі, Меланья Трамптың бар шығынын қала әкімдігі мойнына алған.    

Оставить комментарий

Связанные Статьи