Иракта түнгі шабуылдан 31 адам қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20170710005429238_small.jpg

5 сәуірге қараған түні Ирактың Тикрит қаласына жасалған бірнеше шабуыл нәтижесінде 31 адам қайтыс болды, 40 адам жарақат алды. Шабуыл бақылау-өткізу пункті мен полиция полковнигінің үйіне жасалды. Бұл туралы «Қамшы» ақпараттық агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ирак бұл шабуылды «Ислам мемлекеттерінің» баскесерлерінен көріп отыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, полиция киімін жамылған бірнеше ИЛИМ  («Ирак және Левант Ислам мемлекеті») баскесерлері қашқындар орналасқан мектепке кіріп, оларды кепілде ұстаған. Жергілікті құқық қорғау органдары мектепті қоршауға алып, ал баскасерлер өз кезегінде өздерінің  «шахид белдіктерін» жұлды.  Баскесерлердің үшеуі қамалып, әлі бесеуі жасырынып жүр. 

Осыған дейін АҚШ  Ирак пен Сириядағы жүздеген бейбіт тұрғындардың өлгенін мойындаған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи