Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 22 жастағы Кудинов пен 25 жастағы Саринге қатысты ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық істі қарайды деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың 15-ші қаңтарында 23 жастағы Наумов Садчиков ауылынан Ликасовск ауылына келіп танысының пәтеріне тұрақтайды. Күні бойы олар спирттік ішімдік ішкен. Кешкісін Сарин 16 жастағы қызымен келіп, барлығы бірге алкагольді ішімдікке сылқыя тояды.
Келесі күні Кудин, Сарин және Наумовтың арасында жанжал туады. Кудинов қонағының бетінен бірнеше мәрте ұрады. Салдарынан Наумов құлап, есіктің әйнегін шағып, өзін жарақаттап алады. Кудин оған ойындағы қызды салуды бұйырады да өзі дүкенге кетіп қалады.
Түнде үйіне қайтып келгенде Наумовтың тапсырманы орындамағанын көріп, оны азаптайды. Қонағын жұдырықтап, тепкілейді. 24 келілік гір тасын жерде жатқан Наумовқа бірнеше мәрте лақтырады. Одан кейін пышақ сұғып алады. Оны қорлаған. Тісін жұлуға әрекеттенген. Орындықпен басына бірнеше мәрте ұрып, нәтижесінде Наумов құлаған. Сарин оны қайта көтеріп барлық күшімен жерге лақтырып жіберген. Жәбірленуші сол жерде көз жұмды.
Оставить комментарий