Сот оқушылардың қылмыс болған уақытта мессенджер арқылы жазысып отырғандарын дәлелдеген WhatsApp компаниясының ақпаратын қабылдамады.
Текелі қаласының үш оқушысы мұғалімді соққыға жыққандары үшін заң алдында жауап берді, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі informburo.kz жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
15 жастағы Сүндет, 16 жастағы Ержан Есенбеков, сондай-ақ, 15 жастағы Сүлеймен Тілеужанов мұғалімді соққыға жығып, одан қалмай тонағандары үшін бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.
«Оқушылардың бірі күш қолдану арқылы тонағаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, қалған екеуі мұғалімнің денсаулығына зиян келтіргендері үшін 5 жылға сотталды» деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысы Айнаш Рахымбаева.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Жігіттердің қорғаушылары аталған іске байланысты қайта қарауды ұсынды. Жігіттердің өзі сот үкімін әділетсіз деп танып, қателіктің құрбаны болғандарын алға тартты.
«Біз қылмыс болған уақытта Whats App желісі арқылы сөйлесіп жатқанбыз. Сол үшін АҚШ-тың Калифорния штатындағы қолдау қызметіне жүгіндік. Процесске Алматы қаласынан арнайы мамандарды шақырдық. Олар біздің сол уақытта үйде отырғанымзды, сондай-ақ қылмыс болған жерден біздің ара-қашықытымыздың біршама алыс екенін дәлелдеді. Алайда, сотта ол дәлелдер қараусыз қалды», деп пікірін білдіріді айыпталушылардың бірі Ержан Есенбеков.
«Араға үш ай салып істе тағы бір куәгер пайда болды. Оның үстіне, сотта ол ес-түссіз жатқан мұғалімді далада қалдырып, тонап кеткен. Олар түннің ішінде бұзақылардың түрін көрген, алайда түнгі 12-де қалада жарықты сөндіріп тастайды. Оны куәгер де, тұрғын үй шаруашылық қызметінің саласы да дәлелдеп отыр» дейді қорғаушы Талғат Жанболатов.
Соққыға жығылған мұғалім Бердібек Тұрсынбек қандай да бір дерек беруден бас тартты. Оның өкілі Бауыржан Әбдрасов айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының айтқан деректері негізсіз дейді.
Онымен қоса, оқушылар оқитын мектеп қызметкерлері де, бірге оқитын сыныптастары да оқушылардың мұндай әрекетке барғандарына сенбейді, арыз беруге дайындалып отырған көрінеді.
«Біз балалардың кінәлі екеніне сенбейміз. Олар белсенді оқушылар, сабақтарын да жақсы оқиды, қалалық, аудандық іс-шаралардың бәрінде атсалысып жүреді. Қандай да бір қылмысқа барады деген ой негізсіз. Сондықтан, ата-аналар, мектеп мекемесі, қорғаушылар – бәріміз бірігіп істі қайта қарауға тапсыратын боламыз» деп айтты мектеп директоры Эльмира Иманбердиева.
Оставить комментарий