Иманғали Тасмағанбетов Ресейде екі бірдей кездесу өткізді

/uploads/thumbnail/20170710005549301_small.jpg

Қазақстанның Ресейдегі елшісі шетелдік әріптестерін қабылдады. 

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов 5 сәуірде Ресейдегі Босния және Герцеговина елшісі Мустафа Муезинович пен Экваториалды Гвинея елшісі Хосэ Эсоно Мичу Акенганы қабылдады, - деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап.

 

Мустафа Муезиновичпен кездесу кезінде екі жақты инвестициялық ықпалдастық мәселесі талқыланды. 

Негізгі тақырып энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту болды.
Тараптардың екі жақты байланыстарды белсене жүргізуге және екі мемлекеттің халықаралық аренадағы қатынастарын кеңейтуге әзір екендігі аталды.
Қазақстан Елшісі қонақты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың барысымен таныстырды, сондай-ақ, еуразиялық интеграцияның өзекті аспектілерін баяндады.

Қазақстан мен Экваторлық Гвинея арасындағы дипломатиялық қатынастардың дамуы мәселелері Төтенше және Өкілетті Елші Хосэ Эсоно Мича Акенгамен кездесуде талқыланды. Атап айтқанда, оның Қазақстандағы өз елінің дипломатиялық өкілдігінің басшылығына келісу шаралары бойынша жұмыс басталды. Сондай-ақ, дипломаттар сауда-экономикалық қатынастарды белсенді жүргізу және Экваторлық Гвинеяның үкіметтік делегациясының Қазақстанға іс-сапарын ұйымдастыру аспектілерін талқылады.
Қазақстан Елшісі өз тарапынан "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.

Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылдың 3 ақпанында Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл тағайындау Тасмағамбетовтың өз сұранысымен болғандығын айтқан еді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи