Экономист Айдархан Құсайынов ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Ұлттық банк өкілдері бұл мәліметті растады.
Құсайынов Айдархан Маратұлы - "Almagest" компаниясының бас директоры, Ресей мен Қазақстан Тәуелсіз директорлар ассоциациясының мүшесі. 1995-1998 жылдары "KBS Group" компаниясында жұмыс істеген. Онда бизнестің консультациялық бағытын дамытумен айналысқан.
1998-2002 жылдары "ҚазТрансОйл", "ҚазТрансГаз" компанияларында инновациялық жобалар департаментінің директоры, стратегиялық жоспарлау мен даму жөніндегі атқарушы директор және тағы да басқа қызметтерді атқарған.
2002-2003 жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде газ өнеркәсібі департаментінің директоры болды.
2004 жылдан бастан мұнай, тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-химия саласын дамыту, жобаларды сату мен сатып алу бойынша жеке кеңес беру қызметін көрсеткен.