КӘРІМ МӘСІМОВ ҚЫТАЙДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІМЕН УАҒДАЛАСТЫ

/uploads/thumbnail/20170710011242525_small.jpg

ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қытай Халық Республикасының делегациясы мен қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунмен Астанада кездесті, - деп хабарлады kaz.tengrinews.kz

Айта кетейік, Қытай Халық Республикасы Астанаға Шанхай ынтымақтастығы ұйымы хатшыларының 12-кездесуіне келген болатын. Тараптар терроризммен күресу мәселелері, трансұлттық қылмыстық топтармен және есірткі саудасымен күресу жолдарын, сондай-ақ, киберқауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесін талқылаған.

Сонымен қатар, Кәрім Мәсімов пен Го Шэнкун Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердегі арнайы қызметтің арасындағы ынтымақтастықты күшейту мүмкіндігін қарастырды.  Кездесу барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде терроризм, экстремизм мен сепаратизм саласындағы өзекті проблемаларды шешу мақсатында уағдаластыққа қол жеткізілді.

Айта кететін болсақ, Кәрім Мәсімов 1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін бітірген.

Связанные Статьи