Пекин билігі шпиондар туралы ақапарат берген азаматтарға 500 мың юань (72,4 мың доллар) береді деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні қоғамдық қауіпсіздік министрлігі шпиондар туралы маңызды мәлімет беріп, елдегі шпиондық әрекеттерді болдырмаса 500 мың юань беретінін хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, шетелдік барлау қызметі, шпиондар және басқа да жаугершілік көз қарастағы адамдар шет мемлекеттермен байланысты арттырғанын пайдаланып, саясатқа араласуға секілді елдің арасына іріткі салады деп мәлімдеді.
Қытайда кейбір адамдар ел мүддесін шетелдік арнайы барлау қызметіне ыңғайлы жағдай жасауы үшін сатып кететін жағдайлар болады. Пекин шетелдік шпиондардың басты нысанынан айналған.
Министрлік жариялаған 12 бөлімнен тұратын құжатта жеткізіліген ақпараттың маңыздылығына қарай қанша қаржы берілетіні көрсетілген. Шпиондардың әрекетін байқаған азаматтар телефон арқылы, хат жазып немесе мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне келіп хабарлауына болады. Қытай билігі жалған ақпарат берген адамдарды жазаға тартатынын да ескертеді.