Америкада тұрып жатқан отандасымыз ЭКСПО-2017 көрмесін жарнамалап жүр

/uploads/thumbnail/20170710013947032_small.jpg

Американың Нью-Йорк қаласында тұрып жатқан Арман Белассар есімді отандасымыз Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне орай Қазақстанға жүзге тарта шетелдікті жібермек.

Арман қазірдің өзінде өздігінен ЭКСПО көрмесіне жарнама жасап, шетелдік меймандарды Астанаға шақыруда, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  24.kz-ке сілтеме жасай отырып.

 Жас кәсіпкер автокөліктерді алып-сатумен айналысады. Ол өзіне тиесілі бірқатар көліктің сыртына көрменің логотипін бейнелеген. Айтуынша, АҚШ-тың ең ірі қалаларының бірінде елімізде өтетін ауқымды шараны жарнамалау өз септігін тигізетіні сөзсіз. Шалғайда жүрсем де, еліммен мақтану – міндетім, – дейді ол.

Оставить комментарий

Связанные Статьи