Солтүстік Корей Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми Вашингтонның қарулы күштеріне қарсы тұруға дайын екендерін хабарлайды, деп жазады "Қамшы" ақпараттық агенттігі. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрілігінің АҚШ билігіне жіберген жолдамасында айтылып өтті.
8 сәуір күні АҚШ-тың Сыртқы істер министрлігі Корей түбегіне қарулы әуе күштерін жіберу туралы шешім қабылдағандығын айтқан болатын. Алдымен әуе күші Австралия жағалауына қонуы тиіс делінген. Кейіннен Американың Тынық мұхиты аймағындағы қарулы күштер штабы: «Адмирал Харри Харрис басқарған «Карл Винсон» әуе күштерінің Тынық мұхитының солтүстік жағалауына қарай бағыт алып, Сингапурге тоқтағаннан кейін 8 сәуір күні белгіленген межеге қарай бет алатыны» туралы хабарлады.
Пхеньян билігі АҚШ-тың өз түбектеріне басып кіруі үлкен қателік болатынын ескертті. Мәлімдемеде «Трамп бұйрығы бойынша жағалауға орнатылып жатқан қарулы күштер Солтүстік Кореяның ұстанымдарына әсер ете алмайды. Пхеньян АҚШ бастаған кез келген шабуылға қарулы күшпен жауап беруге дайын. Қандай да бір қарулы қақтығыс болған жағдайда барлық жауапкершілік пен кінә ресми Вашингтонға артылады» делінген.
Корей түбегінің екінші бөлігінде орналасқан Оңтүстік Корея Республикасы болса АҚШ-тың бұл іс-әрекетін толық құптайтындығын хабарлады. Елдің сыртқы істер министрі Мун Сан Гун АҚШ-тың осы әрекеті арқылы Пхеньянның күші әлсірейтінін, тиісінше талай жылдан бері Сеулдің аспанын торлаған бұлттың сейілетінін жеткізді. Және Сеул мен Вашингтон арасындағы достықты күшейту арқылы Корей түбегінде тұрақтылық орнайтынын айтты деп хабарлайды ТАСС.
Аударған Ақниет Төленді
Оставить комментарий