Мұғалімнің күйеуі мектепте атыс жасады

/uploads/thumbnail/20170710014046814_small.jpg

Калифорниядағы Сан-Бернардино қаласындағы мектепте атыс болды. Нәтижесінде шабуыл жасаған ер адамның әйелі - бастауыш сыныптың мұғалімі және 8 жастағы оқушы атыста көз жұмды деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі Интерфакс-қа сілтеме жасап.

Қалалық полиция басшысы Джаррода Бургуанның мәліметінше, 9 жастағы бала жарақаттанған. Қазір оның жағдайы тұрақты.

Бургуан атыс жасаған ер адамның аты-жөні Седрик Андресон екенін айтады. Ол Риверсайдың тумасы болуы мүмкін. Полицейдің айтуынша, Андерсон әйеліне оқ атпақ болған. Олар соңғы айда екі бөлек тұрған екен. 53 жастағы Карен Эйлен Смит бастауыш сыныптаға психофизикалық дамуында ақауы бар балаларға сабақ берген. 

Шабуылдаушы заңсыз қару ұстағаны үшін, отбасындағы зорлық және есірткі ұстағаны үшін қылмыстық іске тартылған. Ер адам әйелін өлтіргеннен кейін өзіне қол жұмсады.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи