АҚШ-та азиаттық жолаушыны күшпен ұшақтан шығарып жіберген (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710014355629_small.png

Дүниежүзі бойынша United Airlines әуе компаниясының қауіпсіздік қызметі ұшақтан жолаушыларды күшпен шығарып жатқан видеосы таралды. Әлеуметтік желіде  50 секундті видео 100 мың рет бөлісілген деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі bbc-ға сілтеме жасап.

Ұшақ Чикагодан Луисвиллге ұшуы керек еді. United Airlines Твиттерде барлық жолаушылардан кешірім сұрады.

Видеоны ғаламторға жариялаған Джейз Анспа есімді жолаушы аталмыш компанияның билетті орыннан көп сатып жібергенін және олар өз орындарын компания қызметкерлеріне беруге келісетін адамдар іздеді. Алайда келіскендер болмағаннан кейін, компания өз қалауынша адамдарды күшпен шығара бастаған. Оның ішінде азиаттық дәрігер мен оның әйелін ұшақтан шығаруды ұйғарады. Ол келесі күні жұмысқа шығу керектігін айтып, ұшақтан шығудан бас тартқан. Соған қарамастан оны күшпен шығарып жіберген. 10 минуттан кейін ол қайта ұшаққа қансырап кірген.

Джейз Анспа жолаушының қалай бетін жарақаттағанын білмейтінін жазады. Оны соққыға жығуы мүмкін екенін айтады.

United компаниясы Би-би-си—ге  Чикагодан Луисвиллге ұшатын 3411 рейсіне көп билет сатылғанын айтқан.

«Біздің қызметкерлер еріктілерді табуға тырысты. Жолаушылардың бірі өз еркімен ұшақтан шығудан бас тартты. Сондықтан қауіпсіздік қызметі шақырылды» деді компания өкілі.

Қазір United компаниясы өз тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи