Мысыр билігі Танта мен Александрия қалаларындағы лаңкестік әрекет нәтижесінде қайтыс болған құрбандардың отбасына $5,5 мың төлейтін болды,-деп хабарлайды "Қамшы"ақпараттық агенттігі 24.kz телеарнасына сілтеме жасай отырып. Бұл жайлы Мемлекеттің әлеуметтік ынтымақтастық министрі Гада Вали хабарлады. Еске сала кетсек, 9 сәуір күні Танта мен Александрия шіркеулерінде жарылыс болып, 40-тан астам адам қаза тауып, 100-ге тарта адам жараланған болатын.
Оставить комментарий